Қазақстан - әлемдегі бейбіт 50 елдің қатарына енді. Экономика және бейбітшілік институты жаһандық бейбітшілік рейтингісін жариялады. Онда еліміз 44-орынға тұрақтады. Бұл тураплы "Сапалы Қазақстан" порталы "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылар жаңа рейтингті құру барысында 163 елді 23 критерий бойынша бағалаған. Оның ішінде қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, азаматтардың қауіпсіздігі және милитаризация ескерілді. Тізімде Қазақстанның бейбітшілік индексі 1,771-ге жоғарылап, 44- орынға көтерілгені көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан жаһандық бейбітшілік рейтингінде 56-орынды иеленген болатын.
Көш басында қандай елдер тұр?
Исландия рейтингте 19-шы жыл қатарынан көшбасшы болып қала береді. Елде тұрақты армия жоқ, қылмыс деңгейі өте төмен және әлеуметтік сенім деңгейі жоғары.
2026 жылы екінші орынды Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең тұрақты елдердің бірі Жаңа Зеландия иеленді, онда ішкі қақтығыстар минималды және сыртқы қақтығыстарға аз қатысады, бұл ішінара шалғай географиялық орналасуына байланысты.
Үшінші орын дәстүрлі түрде әлемдегі ең қауіпсіз елдердің қатарына кіретін Швейцарияға тиесілі.
Төртінші орынды рейтингтегі өз орнын айтарлықтай нығайтып, Еуропадағы ең қауіпсіз бағыттардың бірі болып саналатын Словения иеленді.
Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі мен тұрақты әлеуметтік ортасымен танымал Ирландия алғашқы бестікті аяқтайды.
Әлемдік бейбітшілік индексі бойынша 2026 жылы әлемдегі ең бейбіт 10 елдің қатарына мыналар кіреді:
1 / Исландия
2 / Жаңа Зеландия
3 / Швейцария
4 / Словения
5 / Ирландия
6 / Австрия
7 / Португалия
8 / Сингапур
9 / Финляндия
10 / Жапония
Рейтингтің екінші жағында ең бейбіт емес елдерге Ресей, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Украина және Израиль кіреді.