5 желтоқсан, яғни жұма күні келер жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді.Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сілтеме жасап хабарлайды.
Вашингтонда болатын спорттық шараны «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы сағат 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Жаһандық дода қатысушы ел санымен есте қалмақ. Нақтырақ айтқанда, аладоп бәсекесінде 48 елдің командасы бақ сынайды.
Біріншілік жаңа ереже бойынша ұйымдастырылады.
Жеребе бойынша 4 командадан тұратын 12 топ жасақталады. Әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар автоматты түрде плей-оффқа жолдама алады. Қалған 8 жолдама үшінші орын алған және ең көп ұпай жинаған ел құрамаларына бұйырады.

Фото: pixabay.com.
Ойындар Канада, АҚШ және Мексиканың 16 қаласында өтеді. Чемпионат 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады. Матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.