Қытай ғалымдары ақылды көзілдірік ойлап тапты

Қытай ғалымдары ақылды көзілдірік ойлап тапты
фото: https://pixabay.com/ru/

Бұл технология Берлинде өтіп жатқан әлемдік электроника көрмесінде көрсетілді. Көзілдірік жасанды интеллект пен виртуалды шындыққа негізделген. Ол қоңырау қабылдайды, келген хабарламаларды оқып береді, сондай-ақ бірнеше тілде аударма жасайды. Сарапшылар бұл жаңалықты Қытайдың инновация саласындағы қарқынды дамуының айқын дәлелі деп бағалады.

 ҚазАқпарат