фото: Видеодан скриншот
БҰҰ Бас Ассамблеясынан қайтып келе жатқан Франция президентінің көлігі бірнеше минутқа жолда тұрып қалады.
Себебі дәл сол сәтте АҚШ президентінің кортежі өтетін болып, полицейлер жолды жауып тастаған.
Сол кезде Эммануэль Макрон көлігінен түсіп, жолдағы полиция қызметкерімен сөйлеседі.
Француз басылымдарының жазуынша, полицей не айтарын білмей, ыңғайсызданған.
Осы оқиғадан соң Макрон Трампқа телефон шалып: "Қалайсың? Не болғанын білесің бе? Сенің кесіріңнен көшеде кептеліп тұрмын", – деп күледі.
Франция президенті сол сәтте тұрғындармен тілдесіп, суретке түсіп үлгереді. Әрі қарай Макрон елшілікке жаяу кетеді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через