Енді телефоннан 5 күн бойы ақша аудара алмайсыз

Енді телефоннан 5 күн бойы ақша аудара алмайсыз
фото: pixabay.com

2026 жылдан бастап қазақстандық банктер, төлем ұйымдары мен ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері анықталған жағдайда қаржылық операцияларды бес жұмыс күніне дейін тоқтата алады. Қазіргі уақытта блоктаудың максималды мерзімі - үш күн, деп жазады "Сапалы Қазақстан" порталы.

Норма Заңға енгізілді

digitalbusiness.kz хабарлағанындай, өзгерістер 2025 жылғы 30 маусымда қол қойылған «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға енгізілген түзетулерде бекітілген. Жаңа редакцияға сәйкес, күмәнді операция жасалған жағдайда ұйым клиенттің ақша аударымдарына шектеу қойып, қаржының қайдан пайда болғанын растайтын ақпаратты сұрауға құқылы. Пайдаланушы түсініктеме бермесе, мән-жайлар анықталғанға дейін шот немесе электрондық әмиян бұғатталуы мүмкін.

 Ал егер аудару заңды болса?

Егер транзакция қауіпсіз деп танылса, банк қаражатқа қол жеткізуді қалпына келтіреді. Егер транзакция шынымен алаяқтық болып шықса, клиент туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі, ал пайдаланушының өзі күдікті транзакциялардың арнайы базасына енгізіледі.

 Өзгерістер 2026 жылдың басында күшіне енеді.