10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды

10 айда 366 млн дәрі-дәрмек таңбаланды
фото: https://pixabay.com/ru/

Ақпараттық жүйеде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген

Орталық коммуникациялар қызметі.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов дәрілік заттардың сапасын бақылауды күшейтуге, пациенттерді қорғауға және дәрілік айналымдағы ашықтықты арттыруға бағытталған шаралар жөнінде айтып берді.

Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап осы күннен кейін өндірілген барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау тәртібі енгізілді.

2025 жылдың 30 мамырындағы жағдай бойынша, тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде дәрілік заттар айналымының 5 000-нан астам қатысушысы тіркелген, олардың ішінде:

19 отандық өндіруші,

276 көтерме сауда субъектісі,

3 000-нан астам дәріхана ұйымдары,

1 900 медициналық ұйым.

Міндетті таңбалау енгізілген сәттен бастап 366 миллионнан астам бірегей таңбалау коды енгізілді, оның ішінде:

224 млн қаптама импорттық дәрі-дәрмектерге,

144 млн қаптама отандық өндіріс өнімдеріне тиесілі.

Қазіргі уақытта айналымда 255 миллион таңбаланған қаптама бар, оның ішінде:

151 млн – импорттық өнім,

104 млн – қазақстандық өнім.

Айналымнан 82 миллион таңбалау коды шығарылды. Дәріханаларға 97,9 млн қаптама жеткізілді, олардың ішінде 53 млн қаптама айналымнан шығарылды (чектер мен хабарламалар арқылы).

ҚазАқпарат