Астанадағы шеруде "Таймас 8×8" деп алатын әлемде теңдесі жоқ көлік таныстырылды

Астанадағы шеруде "Таймас 8×8" деп алатын әлемде теңдесі жоқ көлік таныстырылды
фото: pexels.com

Елордадағы әскер шеруде 200-ден астам техника таныстырылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соның ішінде  "Таймас 8 де 8" деп алатын заманауи брондалған көлік көпшіліктің назарын аударды. Бұл бірден үш елдің: Қазақстан, Түркия және Қытайдың НАТО стандарттары бойынша жасаған  жобасы.

 Сарапшылар қазірдің өзінде оны Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің нағыз жетістігі деп атайды. Өйткені, әлемнің бірде-бір елінде теңдесі жоқ.  Еліміздің әскери-өнеркәсіптік кешені қарқынды дамып келеді. Оған темір құрсанған мына алып техникалар дәлел. 

"Таймас 8×8" деп алатын бұл көліктің әлемде теңдесі жоқ. 

Иә, әлемде тіпті ТМД-да теңдесі жоқ әскери көлік енді бізде құрастырылады. Жақында жауынгерлік машина сынақтан сәтті өтті. Мәселен, мына бейнекадрлардан аптап ыстықта атыс дәлдігі мен ширақ әрекет етуін байқауға болады. "Батыл тойтарыс -2023" оқу-жаттығуы кезінде "Таймас 8×8" су кедергісін оп-оңай еңсерді. Тіпті 30 градустан төмен температура көліктің ептілігі мен мергендігіне еш кедергі болған жоқ. 

Вадим Шакшакбаев, Astana MPR Project директоры: -  Машинаның сипаттамасы күрделі. Салмағы  30 тонна. Дегенмен, мұндай массаға қарамастан, ол суда жүзуге қабілетті. Ондағы жауынгерлік модуль әлемдегі ең қуатты қару-жарақ кешені. Бұл 100 милиметрлік мылтық 7,62 калибрлі қашықтан басқарылатын пулеметтері бар 30 милиметрлік зеңбірекпен біріктірілген. Айта кету керек, бұл қару танкке қарсы басқарылатын зымырандарды да атып түсіре алады. 

“Жауынгерлік әлеуетінен бөлек, бұл брондалған техника сарбаздар үшін әрдайым сенімді тірек”, - дейді мамандар. 

Вадим Шакшакбаев, Astana MPR Project директоры: - Бұл машина аккредиттелген еуропалық орталықтардың баллистикалық және минаға қарсы қорғаныс сертификаттарын алған. Ең бастысы, қысылтаң шақтарда экипаждың өмірін сақтап қала алады. Оқдәрінің сынығынан, атыс қаруының соққысын және жарылыс күшін шамамен 10 килограмм тротил эквивалентінде ұстап тұрады. 

"Таймас 8×8" НАТО стандарттары бойынша арнайы жобалау бюросы әзірлеген және бірден үш мемлекеттің бірлескен күшімен құрылған. Атап айтқанда, Otokar Түркиядағы ең ірі Koç Holding жеке холдингтерінің бірі, ол республиканың ЖІӨ-нің шамамен 8% құрайды. Жауынгерлік машинаны құруға Қытайдан келген серіктестер де көмектесті. Norinco Group Қытайдың Халықтық-азаттық армиясының Құрлық әскерлеріне қару-жарақ, техника мен оқ-дәрілердің 95 пайызын жеткізеді. 

Лань Цзе, NORINCO Қытай солтүстік индустриалды корпорациясының вице-президенті: - Norinco корпорациясы мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 15 жылдан бері сенімді серіктес. Біз осы уақыт ішінде жан-жақты әріптестік орнаттық. Мысалы, бүгін шеруде  біздің жауынгерлік мұнарасы бар брондалған Arma 8x8 көлігін тамашаладыңыз. 

Уфук Айбар, Otokar Central Asia басқарма мүшесі: - Біз мұнда 2011 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Біз үшін Қазақстан бауырлас ел. Сіздің елде әскери техниканы шығаруға үлкен әлеует бар. "Таймас 8×8" - брондалған дөңгелекті көлік. Болашақта бірлесе шынжыр табанды техниканы жасап шығаруға ниеттіміз.

Бірегей әскери  техникаға қызығушылық танытқан елдер бар, сондықтан оны экспортқа шығару көзделіп отыр. Қуатты қару-жарақ, жоғары қорғаныс және кез-келген жағдайда жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындауы оны армияның мақтанышына айналдырды.