Гонконг авиакомпаниялары Астана мен Алматыға рейс ашуды жоспарлап отыр

Гонконг авиакомпаниялары Астана мен Алматыға рейс ашуды жоспарлап отыр
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазақстандық делегация мен Гонконг авиакомпанияларының өкілдері Гонконгта Алматы мен Астанада жолаушылар рейстерін ашу жоспарын талқылады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

"Мемлекет басшысының халықаралық аэрохабтарды дамыту және отандық әуежайлар арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Гонконг халықаралық әуежайына барды", - делінген хабарламада.

Делегаттар Гонконг көлік және логистика бюросы директорының орынбасары Келвин Ма және Гонконг әуежайының бас директоры Вивьен Ченгпен, сондай–ақ аймақтың жетекші авиакомпанияларының басшыларымен кездесті.

"Келіссөздер барысында Гонконг әуе компанияларының 5-ші әуе еркіндігін пайдалана отырып, Алматы және Астана қалаларына жолаушылар рейстерін ашу және Қазақстан мен Гонконг арасында әуе жүк тасымалын ұлғайту жоспары талқыланды", - деп атап өтті ведомство.

Гонконг халықаралық әуежайы 14 жыл бойы тасымалданатын жүк көлемі бойынша әлемде 1-ші орында. Әуежайдың жүк айналымы 2024 жылы 4,9 миллион тоннаны құрады.

ҚазАқпарат