Қыз өссе – елдің көркі. Мерекелеріңізбен!

Қыз өссе – елдің көркі. Мерекелеріңізбен!
фото: pixabay.com

Құрметті аналар, арулар!

 «Сапалы Қазақстан» порталының ұжымы Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

 «Қыз өссе – елдің көркі» дейтін халқымыз қыз бала өмірге келсе, бақ келді, шаттық келді деп ерекше қуанып, қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін болған. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін қазақ қыздарын бақыт құсына балап, ерекше аялап, әлпештеп өсірген.

Сондықтан бола, елімізде  8 наурыз, Халықаралық әйелдер күніне  ерекше, жылы, шынайы көзқарас қалыптасқан. Сүйіспеншілік, алғыс, құрмет сөздері бүгінде барлық жерде естіледі. Ер адамдар анасына, әйеліне, әжесіне, қыздарына, әпкелеріне, құрбыларына, әріптестеріне өздерін қаншалықты бағалайтынын, үйде де отбасың мен достарың үшін, жұмыста да жасаған әр нәрсені бағалайтынын айтуға асығады.

 Қазақ қыз баласын үйдің құты, еркесі деп білген, төрге отырғызады, қыз бала қонақ ертең басқа жерге ұзатылады ,барған жерінде ата апасын,күйеуін күтеді төрге шықпайды. Ертең өмірге ұрпақ әкеліп ана деген құрметті атқа ие болады деп білген. Ал ананың орны ерекше.

 Ана жүрегінің сезімталдығы мен жомарттығы, ана махаббатының жылуы айналамызды түрлендіреді және ғажайып күйге бөлейді.  Ана болу – үлкен бақыт, сонымен қатар қиын, қажырлы еңбек. Біз мұны жақсы түсінеміз.

 Ерлер қауымы  әрқашан сіздердің сұлулыңызға , нәзіктігіңізге және сүйкімділігіңізге тәнті боламыз.

 Сізге және сіздің жақындарыңызға табыс, мықты денсаулық және  барлық жақсылықты тілеймін.

 Мереке құтты болсын, Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

 Фото: pixabay.com.