Медицина қызметкерлерін қосымша құн салығынан босату ұсынылды

Медицина қызметкерлерін қосымша құн салығынан босату ұсынылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Медициналық қызметтерді сату кезінде шығындардың негізгі бөлігі еңбекақы төлеу қорына түседі, салықпен есептегенде шамамен 50-60%

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов медициналық ұйымдарға салық жеңілдіктерін сақтауды ұсынды.

Оларды алып тастау және 10 пайыздық қосымша құн салығы мөлшерлемесін белгілеу халық пен мемлекет экономикасына кері әсерін тигізеді деп есептейді.

"Медициналық қызметтерді сату кезінде шығындардың негізгі бөлігі еңбекақы төлеу қорына түседі, салықпен есептегенде шамамен 50-60%. Бұл қосымша құн салығын құрамайды ал салық жүктемесі толығымен төмендейді. Іс жүзінде медициналық қызметтер үшін ҚҚС тікелей салыққа айналады. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, дамыған елдердің көпшілігінде медициналық қызметтер қосымша құн салығынан босатылған. Мысалы, елдердің 90%-ы дерлік медициналық қызметтерге ҚҚС мөлшерлемесі нөлге тең. Тек Түркияда бұл көрсеткіш 10%, ал Коста-Рикада 4%-ды құрайды", - деді Жәркенов мәжілісте.

Оның айтуынша, корпоративтік табыс салығын енгізу медициналық қызметтердің қымбаттауына, халық үшін қолжетімсіз және жеке денсаулық сақтау секторының құлдырауына әкеп соғуы мүмкін.

"Атамекен" медициналық қызметке салық жеңілдіктерін сақтауды немесе қосымша құн салығына жеңілдік сақтауды және корпоративті табыс салығы бойынша төмендетілген мөлшерлеме беруді ұсынды.

ҚазАқпарат