Қарағанды облысында 63 ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Қарағанды облысында 63 ауыл ішімдік сатудан бас тартты
фото: https://pixabay.com/ru/

Қарағандыда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тәжірибесі талқыланды

Қарағандыда учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың кездесуі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Азаматтардың қауіпсіздігі сіздердің жұмысыңыздың тиімділігіне байланысты. Учаскелік офицерлер өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, халықпен үнемі байланыста болып, туындайтын қауіп-қатерге жедел ден қоюы қажет. Қызметкер тиімді жұмыс істесе, оның жұмыс орнында қашанда тәртіп болады", - деп кеңес берді Қарағанды ​​департаментінің басшысы Нығмет Ысмағұлов әріптестеріне.

Жиында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне тоқталды, сондай-ақ озық тәжірибені кеңейту мәселелері талқыланды.

Басқарма басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров облыста 63 елді мекеннің тұрғындары алкогольдік өнімдерді сатуды тоқтатуды талап еткенін айтты. Соның салдарынан бұл елді мекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

ҚазАқпарат