“Құшақтасуға үш минут“: Әуежайда ұзақ қоштасуға тыйым салынды

“Құшақтасуға үш минут“: Әуежайда ұзақ қоштасуға тыйым салынды
фото: pixabay.com

Жаңа Зеландияның Момона қаласындағы Дунедин әуежайында жаңа белгілер қойылды. Жаңа ескертуде жолаушыларға жақындарын құшақтап қоштасуға небәрі үш минут уақыт берілетіні жазылған, деп хабарлады kaz.tengritravel.kz   9News агенттігіне сілтеме жасап.

Фото newsbytesapp.com/kaz.tengritravel.kz.

Әуежайдағы жаңалықтың суреті әлеуметтік желілерде тарап, кей қолданушылар бұл шектеудің адамгершілікке жатпайтынын талқылап жатыр. Дегенмен мұны жақсы идея деп санайтындар да бар. Тіпті бұл жобаны басқа әуежайларға енгізуді ұсынғандар да жетерлік.

Ескере кететін жағдай, жақындарымен көбірек уақыт құшақтасқысы келетіндер үшін әуежай автотұраққа баруды ұсынады. Онда қоштасуға 15 минут уақыт беріледі екен.