Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын 230 млн теңге шығынға ұшырайды

Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын 230 млн теңге шығынға ұшырайды
фото: "Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы"АҚ баспасөз қызметі

Оған себеп 70-ке жуық демалыс үйі, дәмханалар мен мейрамханалар жалға алынған жер учаскелері үшін төлемнен босатылған

Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын 230 млн теңге шығынға ұшырайды. Ұлттық парктегі заңбұзушылықтар туралы Павлодар облыстық прокуратурасы айтты.

Баянауыл ұлттық паркінде тұрғындар жерді өз бетінше басып алып, заңсыз құрылыс салған және учаскелер конкурссыз берілген.

"Қазіргі уақытта жерді босату және өз бетінше салынған ғимараттарды бұзу бойынша шаралар қабылдануда. Ауданы 1,9 га 4 объекті бұзылып, 4 учаске босатылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар прокурордың наразылығымен орман шаруашылығы комитеті туристік объектілерді орналастыруға орын бергені үшін тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда 70-ке жуық демалыс үйі, дәмханалар мен мейрамханалар жалға алынған жер учаскелері үшін төлемнен босатылды.

Сол себепті Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын шамамен 230 млн теңге шығынға ұшырайды. Бұл табиғатты қорғау іс-шараларына, қызметкерлердің ақшалай үлесіне және тағы басқа жұмыстарға бағытталуға тиіс еді, дейді прокуратура.

ҚазАқпарат