фото: https://pixabay.com/ru/
Елімізде 180-ге жуық шипажай бар. Оның 42-сі мемлекетке тиесілі. Курорт ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым бар, оның ішінде 109 санаторий, 27 оңалту орталығы, 9 профилакторий, 7 мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі - 127, мемлекетке - 42, шетелдік меншікте - 3.
Бурабайдағы "Оқжетпес" шипажайы
"Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінде ең арзан бөлме - 55 теңге. Ал ең қымбаты - 140 мың теңге. Мұнда 6 адамға арналған VIP үйдің құны - 280 мың теңге. Баға туралы толығырақ мына сілтемеде.
Мұнда арнайы емдік дене шынықтыру, арнайы тұз шахтасы мен жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер көрсетіледі:
дәрігерлер кеңесі;
аппарат-физикалық терапия;
озокерит бастырмалары;
"майбалық" минералды суымен қызыл иекті стоматологиялық сулау ;
сумен емдеу;
бальнеологиялық емдеу;
шөппен емдеу;
қымызбен емдеу және тағы басқалары.
"Сарыағаш" шипажайы
Егер Бурабайда ем алу қымбат десеңіз, сізге "Сарыағаш арасаны" емдеу-сауықтыру кешенін ұсынамыз. Мұнда демалу бір тәулікке 10 мың теңгеден басталады. Стандарт бөлмелер 16 мың теңгеден, ал 2 бөлмелік VIP люкстің құны - 22 мың теңге.
Мұнда бальнеотерапия, гидротерапия мен физиотерапия алу мүмкіндігі бар.
Алакөлдегі "Барлық" шипажайы
Алакөлдегі "Барлық" шипажайы тек жаз маусымында ғана жұмыс істейді. Маусымда 2 адамға арналған бөлменің құны 11 мың теңге болса, 1 адамға арналған бөлме 12 мың теңге болады. Ал шілдеде баға өседі: 2 адамға арналған бөлме 12500 теңге, 1 адамға арналған бөлме 13 мың теңге тұрады. Баға туралы қосымша ақпарат мына сілтемеде.
Бұл бағаға 4 мезгіл тамақтану мен емдік ванна кіреді. Сондай-ақ қосымша қаражатқа басқа да емдеу шараларын алуға болады.
"Сосновый бор" шипажайы
"Сосновый бор" шипажайының бір ерекшелігі – қарағай орманы. Шипажайда арнайы жолдамалар бағасы маусымға қатысты өзгеріп отырады. Мәселен, қаңтар-мамыр, қыркүйек-желтоқсан аралығында жолдама құны 45 мың теңге, ал жазда 51 мың теңге. Бұл – жартылай люкс бөлменің бір тәулікке арналған құны. Ал ең арзан баға – 7 200 теңге. Бұл – екі бөлмелі төрт адамдық бөлменің құны. Бөлмелердің бағасы туралы қосымша ақпарат мына сілтемеде.
Мұнда сумен, балшықпен, физио, озокерито-парафинмен емдеу шаралары, сондай-ақ ингаляция арқылы емдеу процедуралары бар.
Еске салайық, бұған дейін шипажайға тегін жолдаманы кімдер ала алатыны туралы мақала жариялаған едік.
ардагерлер;
саяси қуғын-сүргіндер құрбандары;
жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлер;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через