фото: Павлодар облыстық әкімшілігі Валерий Бугаев
Оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашқан болатын
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңа мектептер салу жұмыстары туралы мәлім етті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
"Биыл біз мектептердің рекордтық санын тапсырамыз. Мысалы, оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашты. Олардың тоғызы мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынды", - деп жазды елорда әкімі желідегі парақшасында.
Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында 3 ауысымда жұмыс істеген 5 мектепте және оқыту режимі тығыздалған 4 мектепте мәселе шешілді.
Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Мысалы, "Сәби" қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп сыйлады (Барыс Аренаның артында). Ғимарат №9 "Зерде" мамандандырылған лицейіне берілді.
"Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынуда. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Сондай-ақ алдағы жылдарға дайындалып жатырмыз", - деп түйіндеді Қасымбек.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через