фото: https://pixabay.com/ru/
Ауыл шаруашылығы министрлігі салалық жобаларға кредит берудің басым бағыттарына қой фермаларын да қоспақшы.
Көпшілік талқылауына шығарылған бұйрық жобасында агроөнеркәсіп жобаларына кредит берудің қосымша 8 басым бағыты көрсетілген. Оның ішіне бұған дейін болмаған қой фермасын құру бағыты да кіріп отыр. Құжатқа сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін республикаға тарату бағдарламасының аясында берілетін 2,5 пайыздық несие мына бағыттарды қамтиды:
- тауарлық сүт фермаларын құру (қуаты 400 бастан бастап);
- етті бағыттағы құс фабрикаларын құру (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
- етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын құру (5000 бастан бастап);
- көкөніс сақтау қоймаларын құру(1000 тоннадан бастап);
- жеміс сақтау қоймаларын құру (1000 тоннадан бастап);
- өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын құру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын құру;
- қуаттылығы жылына 25 тоннадан асатын тауарлық балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын құру;
- өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын құру.
- АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын құру;
- құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды құру;
- қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті құру (картоп пен көкөністер, азық өндірісі)
- қой фермаларын құру (5000 бастан бастап).
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через