Қазақстанда Әкелер күні тойланады

Қазақстанда Әкелер күні тойланады
фото: pexels.com

Соңғы жылдары елімізде әкелердің мәртебесі және жауапкершілігін жоғарылату, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында көптеген тың жоба қолға алынды. Солардың бірі "Әкелер күні",  деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Енді елі ізде жыл сайын Әкелер күні аталып өтеді.  Маусымның 16-да мереке аясында бүкіл ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланды.

«Форумдар, «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем – мақтанышым» суреттер конкурсы, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Менің әкем – ең жақсы адам» акциясы басталады»,-делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметте.

Әкелер күні

Бұл мерекенің маңыздылығы сол, бұл күні барлық отбасындағы әкелерге құрмет көрсетіліп, олардың отбасындағы, қоғамдағы рөлі дәріптеледі. Әрине, әкені де, ананы да бір күнде ғана емес, әркез ардақтап, құрметтеуіміз керек. Дегенмен отбасының тірегі, ұйытқысы, асыраушысы әкелерге деген ерекше құрметімізді осынау мерекеде көрсетіп, ізгі тілегімізді арнасақ, тіпті, ғанибет емес пе?!

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің басшысы 2023 жылғы 1 маусымда қол қойған жарлыққа сәйкес Қазақстанда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. 

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы және тәрбие институтын нығайту мақсатында әлемнің көптеген елдерінде аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» ресми мерекелері біздің елімізде де бекітілген (Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі).