4 маусым – Рәміздер күні

4 маусым – Рәміздер күні
фото: pixabay.com

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шара ұйымдастырлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында мемлекеттік Туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді.

ту

Фото: Алматы әкімдігі

15:00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында конференция ұйымдастырылады.

16:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концерті өтеді.

ту

Фото: Алматы әкімдігі

Қаланың барлық аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

Әуезов ауданы:

Сағат 10:00-де – Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб болады.

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубында «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де – жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты им Н. Сац атындағы ТЮЗ-ден басталып, одан әрі шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды,

17:00-де – «Рәміздер-ел мәртебесі» фотокөрмесі (Мамыр-1, 29/7).
Жетісу ауданы:

12:00-де «Кемел» мәдениет үйінде «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өтеді.

Алатау ауданы:

09:00-де – Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

10:00 – де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс Б.Момышұлы көшесі бойымен Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан «Алматы Арена» мұз айдынына дейін.

Алмалы ауданы:

11:00 – ҚР Әнұранын салтанатты түрде орындау.

Күні бойы – Арбатта ( Панфилов көшесі, 101,103 үйлерінің балконына) және «Алматы» қонақүйіне ҚР Туы ілінеді.

Бостандық ауданы:

11:00-де «Атакент» аумағында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай Әнұран салтанатты түрде орындалады.

14:00-де Ұлттық кітапханада «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Фото pixabay.com.

Наурызбай ауданы:

10:00-де Амфитеатрда 100 сарбаз, 30 курсант, ардагерлер, балабақшалар мен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының балалары, аудандық қызметтердің, басқармалардың және аудан әкімдігінің қызметкерлері Әнұранды орындайды.

Сондай-ақ, Инновациялық шығармашылық орталығының 45 домбырашысы Балбырауын, Ерке сылқым күйлерін домбырада тартады.

10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында амфитеатрда «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында көрме өтеді.

11:00-де Абай - Саин - Шаляпин - Әшімов - Жандосов - Карьерная көшелерінің бойымен автошеру өтеді.

Түрксіб ауданы:

11:00-де №6 оқушылар үйінің алдында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

Дереккөз kaz.inform.kz.