фото: Polisia.kz
Облыс аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетелдіктердің ішінде Өзбекстан Республикасының жеті азаматы және Тәжікстан Республикасының тоғыз азаматы бар. Бұл шетелдіктердің Сәтбаев қаласында тиісті рұқсатсыз және құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды.
Шетелдіктер ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен шығарылған талапты орындамай, Сәтбаев қаласында заңсыз жұмыс істеген. Одан бөлек Тәжікстан Республикасының екі азаматы Алматы қаласының соты шығарған қаулының талаптарын орындамай, жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды. Шетелдік азаматтарды заңсыз еңбек қызметіне тартқан жұмыс берушілер де заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында барлық шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через