Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қақты

Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қақты
фото: https://sputnik.kz/

     Білім сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырылып жатыр.

     Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта медициналық жоғары оқу орындарында студенттер санының шамадан тыс көп болуы медициналық білім беру саласындағы анағұрлым өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

     "Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына, оқытушылар құрамына, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына әсер етеді. Бұл фактор халықтың медициналық білімге деген сеніміне нұқсан келтіріп, денсаулық сақтау жүйесі үшін елеулі қиындықтар туғызады", - делінген ведомство хабарламасында.

     Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастыруда.

     Бұл мәселе бүгін министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.

     Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылады.

     https://sputnik.kz/