Бір айда Қазақстан шекарасында 3 мыңнан астам адам ұсталды

Бір айда Қазақстан шекарасында 3 мыңнан астам адам ұсталды
фото: © Photo : Қзақстанның ҰҚК Шекара қызметі

Өткен айда Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін 3 мыңнан астам адам шекарада ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сәуірде Шекара қызметі барлығы 3 186 адамды ұстады.

Оның ішінде:

38 шетел азаматы шекараны бұзған;

29 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенген.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 кг-дан жоғары;

36 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана ату, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);

38 факті – діни әдебиет (842 дана);

341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (133 тоннадан астам);

744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

54 дана жүзу құралдары;

жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;

98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;

63 дана (1 тонна) итбалықтар.

Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

ҚазАқпарат