31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
фото: pixabay.com

Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам саяси қуғынға ұшырап, 25 мыңы ату жазасына кесілді. 

Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. 

Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысындағы «АЛЖИР» лагерінде азапталды. Ал ашаршылық жылдары елімізде 2 миллионнан астам адам ажал құшты. Теперіш көрген 200 мың қазақ басқа мемлекеттерге көшіп кетті. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болды. 

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданды. 2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Екі жылдан кейін 31 томдық жинақ жарық көрді. Кітапқа ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты, бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдар енген.

Дереккөз qazaqstan.tv.