14 қазан халықаралық стандарттау күні

14 қазан халықаралық стандарттау күні
фото: https://pixabay.com/ru/

Халықаралық стандарттау күні адамдардың назарын бірыңғай стандарттарын құрудың маңызына аударуға, сондай-ақ өз өмірі мен кәсіби шеберлігін жауапты және қажетті жұмысқа арнаған ондаған мың маманның күш-жігеріне лайықты құрмет көрсетуге бағытталған кәсіби мереке.

Жалпы халықаралық стандарттау - өте маңызды процесс. Қазір әлем елдерінің интеграциясыз жеке дара тіршілік қылуы мүмкін емес. Дамудың даңғыл жолына түскен ел үшін өзгелермен бірлесе отырып, бір стандартқа сүйенген тауар өндіру һәм жеткізу арқылы көп кедергі мен бюрократияның алдын алар еді. Бұл өз кезегінде тауар айналымының да артуына әкеліп, қарым-қатынас жаңа сатысына шығады.

Халықаралық стандарттау кез-келген салаға - экономикалық, білім, ғылым, тіпті мәдениетте де маңызы зор.

Қазақстан да стандарттау саласындағы үздік әлемдік тәжірибені белсенді түрде қабылдап келеді. Қазақстан БҰҰ-ның өндірістердегі қауіпсіздік бойынша жалпы қабылданған халықаралық стандарттарды енгізу туралы бірнеше декларациясына қол қойған ел.