Сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп жүрсіз бе?

Сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп жүрсіз бе?

фото: pricom.kz

Талапкерлер, мектеп түлектері мамандықты қалай таңдайды? Жүрек қалауына құлақ аса ма, әлде ата-анасының айтқанынан шыға алмай ма? Бұлай дейтін себебіміз, қазіргі таңда мамандық таңдау кезінде қателесетін жастар баршылық. 

Егер арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенетін болсақ, жас­тардың 75,9%-ы жұмыс­сыз екен. Жүзге жуық респондент­тердің 31,3%-ы жұ­мыс­пен қамту орталығына, 27,7%-ы интернет ресурстарына жұ­мыс­қа тұру мақсатында өтініш қал­дырған. Осындай сауалнамаға қатысқан жас­тардың үштен бір бөлігі жо­ғары оқу орны мен кәсіп­тік оқу орнында алған мамандықтары бо­­йынша жұмысқа орналасудың қиын екенін айтқан.

Яғни жастардың 42,2%-ы бі­лім алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, 25,3%-ы таң­да­ған мамандығы бойын­ша жұ­мыс табу қиын деп санайды. Ал 71,1%-ы жұмысқа орналасуда кез­десе­тін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын алға тартқан.

Standard.kz порталының шығармашылық тобы да алматылықтармен осы тақырып төңірегінде тілдесіп қайтқан еді. 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите