Күннің қатты ысуынан Алматы-Қорғас тас жолының 86 шақырымында бетон плиталар қозғалған. Бұл ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі де растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.. Соның салдарынан тас жолдың беткі қабаты көтерілген. «Ақау шыққан учаскеде «ҚазАвтоЖол» жұмысшылары әкімшілік полиция қызметкерлерімен жедел түрде ескерту белгілерін орнатып, жол бойында патрульдік көлік кезекшілік жүргізді. Кемшіліктер жылдам жойылып, көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді. Ведомство өкілдері уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрап, ақауды дер кезінде анықтап, хабарлаған көлік жүргізушілеріне алғыс білдіреді», - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ-ң баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
Аптап ыстық тас жолды жұмсартып жіберді
Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!
Read also
Comments
Чтобы оставить комментарий
зарегистрируйтесь
или
войдите