Әкесі дүкенге кіріп кеткен: Астанада көлікті оталдырған бала дәмхананың терезесін сындырды

Әкесі дүкенге кіріп кеткен: Астанада көлікті оталдырған бала дәмхананың терезесін сындырды

фото: Tengrinews.kz-rt оқырманның ұсынған суреті

Астанада автокөлік дәмхананың терезесіне соғылды. Оқиға кезінде көлікті кәмелетке толмаған бала тізгіндеген.

Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты өткен жұмада болған.

"Daimler Chrysler жүргізушісі көлігін қараусыз қалдырып, дүкенге кеткен. Осы кезде оның кәмелетке толмаған ұлы рөлге отырып, көлікті оталдырған. Салдарынан көлік қозғалып кетіп, дәмханалардың бірінің ғимаратына соғылып, терезесін сындырған", – деп хабарлады полиция.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар, жүргізуші кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін де жауапқа тартылады. Дәмханаға келтірілген материалдық шығын өтелуге тиіс", – деп толықтырды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларын көлікте қараусыз қалдырмау керегін ескертті.

https://kaz.tengrinews.kz/

 

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите