Түркияда 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды

Түркияда 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды

фото: https://pixabay.com/

Қазіргі уақытта Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды.

Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған.

Болжам бойынша, ол шатырдағы бос кеңістіктің үстіне орнатылған қалқанды басқан кезде, ол қыздың салмағына шыдамай, төменге құлаған.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының көз жұмғанын растады.

"Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады министрлік.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите