Алматы метросында жолаушы сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды

Алматы метросында жолаушы сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды

фото: https://pixabay.com/

Жолаушы ұсталып, Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқиға "Алатау" станциясында болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеру барысында сөмкеден 5,45 мм калибрлі екі оқ-дәрі табылып, тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дерек көзі: sputnik.kz

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите