Жоғары сыныптардағы жиынтық бағалау жүйесі өзгереді

Жоғары сыныптардағы жиынтық бағалау жүйесі өзгереді

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/sengchoy

       Қазақстанда жоғары сыныптардағы бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қайта қаралады. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады. 

       Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, жаңа оқу жылында бастауыш сыныптардың оқу бағдарламалары мен оқушылардың үлгеріміне толық талдау жүргізілген. Бағдарламалар, соның ішінде бағалау тәртібі де қайта қаралыпты. ТЖБ тоқсандық бағалау ретінде өткізілмейді. Оның орнына оқушылардың күнделікті сабақтағы зейіні мен зеректігі ескеріліп, жаңа бағалау жүйесі іске қосылған. Келесі кезеңде, яғни ендігі жылы өзгерісті 5-9-сыныптарда енгізу қарастырылған. «Одан кейін 10-11-сыныптарға көшеміз», – деді министр. 

       Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

       - Бала, мысалы, күнделікті сабаққа қатысып, сабақ айтуы мүмкін. Алайда ол ТЖБ-ны дұрыс орындай алмауы ықтимал. Бұл оның тоқсандық бағасына әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда баланың күнделікті сабаққа қатысуына және күнделікті оқу жетістіктерін бағалауға көбірек көңіл бөлуіміз қажет деп санаймыз. Осыған байланысты бастауыш сыныптарға қатысты барлық пәндерді: дүниетануды, жаратылыстануды, тілдік пәндерді және басқа да пәндерді егжей-тегжейлі қайта қарап шықтық.

       https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите