100 күнде 100 өлең жаттаған мектеп директоры автокөлік жеңіп алды

100 күнде 100 өлең жаттаған мектеп директоры автокөлік жеңіп алды

фото: pexels.com

Бір күнде бір өлең жаттау қиын ба, әлді оңай ма? Сіз 10 күнде 10 өлең жаттай аласыз ба? Осыған тырысып көрдіңіз бе?

  Жазғы демалыс уақытында елімізде ерекше байқау өтті. 100 күнге созылған шығармашылық додада қатысушылар қазақ поэзиясының жауһарларын жаттап, мәнерлеп оқып, сөз өнеріне деген құрметін танытты.  

100 күнде 100 өлең жаттау алынбайтын асу емес екен. Астана қаласында орналасқан орта  мектеп директоры Айгүл Базарбайқызы Алматы қаласында ұйымдастырылған "Жүз өлең" республикалық байқауында оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: gov.kz

"Assyltas" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің әр өңірінен 3000-нан астам қатысуға ниет білдірді.

Астана қаласынан қатысқан №107 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Базарбайқызы 100 күн ішінде 100 өлең жаттап, өз білімін есте сақтау қабілетін және поэзияға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Нәтижесінде елордалық директор байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, автокөлік иегері атанды.

Қазақ ақындарының поэзиясын жаңылмай жатқа айтатын мектеп директоры талайды таңдай қақтырды, деп жазды ktk.kz сайты.

Айта кетерлігі, мұнда өлең жолдарын тек жатқа айту емес, мәнерлеп оқу, оның авторын жаңылмай атау да маңызды болды. 

 Айгүл Бейсенбина, "Жүз өлең" жобасының жеңімпазы: — Қиын болды. Өйткені кіл мықтылар жиналған. Әсіресе үшінші кезеңге өткенде қатты толқыдық. Өйткені бұл жерде 35 финалистің барлығы мықты дайындықпен келген. Сондықтан барлығы да осындай  темір тұлпарға лайық деп ойлаймын. 100 өлеңді 100 күнде емес, 45 күнде жаттадым шынымды айтқанда. Сондықтан уақыт тар болды, деп ағынан жарылды КТК тілшісіне сұхбат берген Айгүл Бейсенбина.

 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите