Қауіпсіздік — ережеден басталады

Қауіпсіздік — ережеден басталады

фото: https://www.google.com

       Қазір Алматы полициясы электрсамокаттарды жалға беретін кикшеринг компанияларымен бірлесіп, техникалық жұмыстар жүргізуде. Негізгі мақсат — самокаттарды жалға беру қызметтерінің ақпараттық жүйесін «Сергек» камераларымен және Ішкі істер министрлігінің деректер базасымен байланыстыру.

       Бұл өзгерістің себебі де бар. Заңнамадағы жаңа талаптарға сәйкес, электрсамокат енді ресми түрде көлік құралы ретінде қарастырылады. Демек, оның жүргізушілеріне де жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға қатысты жауапкершілік арта түседі.

       Жүйе толық іске қосылғаннан кейін жол ережесін бұзу фактілерін камералар автоматты түрде тіркей алады. Ал тәртіп бұзған азаматтар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылмақ. Қазірше самокат жүргізушілерінің тәртібін полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен мобильді патрульдер бақылап жүр.

       Алматы полициясының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін сақтамаған 18 мыңнан астам электрсамокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл көрсеткіш қала көшелерінде самокат қозғалысына да мұқият қарау қажеттігін көрсетеді.

       Қысқасы, электрсамокат — жеңіл әрі ыңғайлы көлік болғанымен, жолдағы қауіпсіздік ортақ жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де, самокат мінген азамат та жол тәртібін сақтағаны жөн. Қауіпсіздік — ережеден басталады.

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите