АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына шағым көбейді

АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына шағым көбейді

фото: https://www.istockphoto.com/search/2/image

АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты тексеру басталды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында әлеуметтік желіде Астанадағы жүргізушілер АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымданғаны жайында сауал болды. 

- Шынында да, бұл тақырып қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әрине, министр ретінде бұл мәселеден хабардармыз. Кеше менің орынбасарым - вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев Павлодар қаласына жіберілді. Қазір олар Павлодар зауытында отын сапасын тексеріп жатыр, - деді Ерлан Ақкенженов. 

Оның айтуынша, қазір министрлік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр.

- Бірнеше күн күту қажет, яғни жанармайдың жаңа партиясы жеткізіледі. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауытынан жанар-жағармай болады. Сондықтан өте қысқа мерзім ішінде тиісті сапаны қамтамасыз етеміз, - деді министр. 

Оның сөзіне қарағанда, қазір бұл мәселе бойынша жанар-жағармай құю станциялары жауапкершілікті мұнай өңдеу зауатына ысырып жатыр. Өз кезегінде зауыт бұған жанар-жағармай құю станциялары жауапты екенін айтып отыр. 

- Таяу арада осы жағдайды толықтай тексеріп, жауабын береміз, - деді ведомство басшысы. 

https://kaz.inform.kz/



 

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите