Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылған

Астанада тұрғын үй ауласында оқ атылған

фото: zelenograd24.ru

Астанадағы тұрғын үй аулаларының бірінде тапаншадан оқ атылған. Қалалық полиция осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Полицияға тұрғын үйлердің бірінің ауласында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына патрульдік полицияның экипаждары жедел түрде жетті.

"Тұрғын үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен бір топ жас азамат болған. Олар агрессивті мінез-құлық танытқан. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан", - дейді Астана қаласының полиция департаментінде.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - дейді полицияда.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите