Қазақстан оқушылары әлемді мойындатты

Қазақстан оқушылары әлемді мойындатты

фото: www.instagram.com

       Қазақстандық оқушылар халықаралық білім додаларында тарихи нәтижеге қол жеткізді. 2025–2026 оқу жылында ұлттық құрама 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 059 медаль және 57 арнайы сыйлық жеңіп алды.

       Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, жүлделер қоржынында 201 алтын, 351 күміс және 507 қола медаль бар. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда марапаттар санының 96 пайызға артқанын көрсетеді.

       Мемлекет халықаралық олимпиада жеңімпаздарын және оларды дайындаған ұстаздарды қолдауды жалғастырып келеді. Жүлдегерлерге біржолғы ақшалай сыйақы төленсе, педагогтер мемлекеттік наградалармен және қаржылай марапатпен ынталандырылады. Сонымен қатар олимпиада жеңімпаздары жоғары оқу орындарына грантпен түсуге, ал 2025 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

       Биыл Қазақстан әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың төртеуіне қатысып, 19 медаль (6 алтын, 9 күміс, 4 қола) еншіледі. Қыркүйекке дейін ұлттық құрама география (IGeO), информатика (IOI) және лингвистика (IOL) олимпиадаларында ел намысын қорғайды.

       https://kaz.inform.kz/

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите