Мектептерде 1 қыркүйектен бастап жаңа пәндер енгізіледі

Мектептерде 1 қыркүйектен бастап жаңа пәндер енгізіледі

фото: сайт Минпросвещения РК

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті оқу пәндері мен курстары пайда болады. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, өзгерістер жаңа Конституцияны іске асыру аясында әзірленген және әртүрлі жастағы оқушыларға арналған бағдарламаларды қамтиды, деп хабарлайды «24KZ».

 «Оқу жылының басынан бастап білім мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылады. 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі», - деді Сүлейменова. 

Оның айтуынша, қазір теорияны жаттауға ғана емес, жауапкершілікті тәрбиелеуге және қазіргі әлемде қауіпсіз өмір сүруге баса назар аударылады, деп жазды inbusiness.kz. 5-7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі, онда оқушылар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару қағидаттары және құқықтық мәдениет негіздері туралы жүйелі білім алады.

8–11-сыныптарда "Заң мен тәртіп" міндетті курсы оқытылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – құқықтық сананы нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Сонымен бірге 5–11-сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы енгізіледі. Бұл оқушылардың өмірлік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырумен қатар, ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, төтенше жағдайларда әрекет ету және қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ министр мектеп оқулықтарының мазмұны жаңартылатынын айтты. 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптарға арналған қайта басылып шыққан оқулықтар барлық білім беру ұйымдарына жеткізіледі. 4 және 9-сынып оқулықтарын 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал 8-сынып оқулықтарын 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жеткізу жоспарланған. 

Бастауыш білім беру мазмұны да қайта қаралып жатыр. 

Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіліп, оқу жүктемесі азайтылады, оқытудың практикалық бағыты күшейтіліп, бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келтіріледі. Бұдан бөлек, Қазақстанда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастайды, - деді Жұлдыз Сүлейменова.  

Бірінші кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды, онда оқушылар заманауи цифрлық білім беру ресурстарына, ал мұғалімдер сабаққа дайындалу және білімді бағалауға арналған зияткерлік құралдарға қол жеткізеді.

Ақпарат 24.kz, inbusiness.kz сайттарынан алынды. 

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите