Қазақстан Иранда жүк терминалын салады

Қазақстан Иранда жүк терминалын салады

фото: https://pixabay.com/

Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады

Қазақстан Иран портында жүктерді ауыстырып тиеу терминалын салады, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Иран республикаға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер бөледі. Ол Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан.

Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады.

"Менің білуімше, қазір келісімнің соңғы кезеңі жүріп жатыр", - деп қосты ол.

Терминал Қазақстанға тауар экспортын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

"Бұл Қазақстанның мұхитқа – Үндістанға, Шығыс Африкаға, Парсы шығанағының өзіне және Оңтүстік-Шығыс Азияға тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Мақсат – осы", - деп түсіндірді журналистерге Серік Жұманғарин.

2025 жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға өсіп, 3,5 миллион тоннаны құрады. Екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалы 69%-ке өсті.

Қазақстан мен Иран көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуге келісті. Осы шаралар кешенін жүзеге асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттырады.

Иран тарапы Қазақстанға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер телімін беру жөніндегі уағдаластықтардың аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң жер учаскесі Қазақстанға беріледі.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите