Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал ет экспорттады

Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал ет экспорттады

фото: https://pixabay.com/

Сауд Арабиясы халал өнімдерге сұранысы көп мемлекет және ол Парсы шығанағы елдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді

Қазақстан Сауд Арабиясына алғаш рет халал ет экспорттады, деп хабарлайды "ҚазСтандарт".

Араб елі мақұлдаған құжат жаңа экспортқа мүмкіндіктер ашады, дейді ұйымда.

"Қазақстан стандарты бүгінде Saudi Food and Drug Authority жанындағы Saudi Halal Center аккредиттелген Қазақстанның жалғыз ұлттық органы. Дәл осы құрылымдар Сауд Арабиясы нарығына өнімді жіберуге жауап береді және шариғат талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Мұндай құжатсыз халал өнімдерін корольдікке экспорттау мүмкін емес. Енді Қазақстан сертификаттары осы нарықта ресми түрде қабылданатын елдердің қатарына кіреді", - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясы халал өнімдерге сұранысы көп мемлекет және ол Парсы шығанағы елдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Бұл нарыққа шығу қазақстандық компанияларға бірқатар артықшылық береді. Бұл жеткізілім географиясының кеңейіп, шетелдік серіктестер тарапынан сенімнің артқанының, сондай-ақ халал-өнімді жеткізуші ретінде ұстанымның нығайғандығының көрінісі", - деп хабарлады "ҚазСтандарт".

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Subscribe