
фото: Қазақстан мемлекеттік кірістер комитеті қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді
ІІМ "мефедронның" 35 мың дозасының таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысындағы Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған.
"Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған.
Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚазАқпарат
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через