
фото: Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі
Елордадағы jрталық саябақта қайта өңделген пластиктен жасалған алып мысық мүсіні пайда болды. Арт-нысан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қала күніне арналған "Мерекелік саябақ" отбасылық фестивалінде жасалды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Эко-мысықты суретшілер, волонтерлер және фестиваль қонақтары бірігіп құрастырды.
"Көрме мен экобастама өнер мен экологияның қатар жұмыс істей алатынын көрсетті. Қонақтар біздің шеберлік сабақтарымызға белсенді қатысты, қалдықтарды сұрыптауға қызығушылық танытты. Жалпы алғанда, қазақстандықтар экология мәселесінде бұрынғыдан да саналы бола бастағанын айтуға болады", — деді экотренер Мариям Қасымова.
Инсталляцияның мақсаты — қалалық саябақты безендіру ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеудің және табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу.

ҚазАқпарат
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через