Болашаққа бүгіннен дайындық

Болашаққа бүгіннен дайындық

фото: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz

       Алматының «Батыс қақпасы» полиорталығында алдағы жылдары жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді. Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба аясында мектептер, балабақшалар, емхана және тұрғындардың тынығып, серуендеуіне арналған саябақтар салынады.

       Жоспар бойынша, 2027 жылға дейін екі жаңа мектеп, үш балабақша, заманауи емхана мен саябақ пайдалануға беріледі. Ал 2028–2029 жылдары тағы бір мектеп, екі балабақша, музыкалық мектеп және екінші саябақтың құрылысы аяқталады.

       Мамандардың айтуынша, мұндай әлеуметтік нысандар тұрғындар саны көбейгеннен кейін емес, алдын ала салынуы тиіс. Бұл жаңа шағынаудандардың жайлы әрі қолайлы өмір сүру ортасына айналуына мүмкіндік береді.

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите