Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жататын нан бағасы 9 теңгеге қымбаттады
«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасы бұрын 82 теңгеден сатылған. Енді оның бағасы – 91 теңге.
Әлеуметтік нан бағасының қымбаттауына бірнеше себеп әсер еткен.
«Біріншіден, «Желаев» ЖШС-нің зауыты бірінші сұрыпты ұнның бағасын бір келі үшін 155 теңгеден 165 теңгеге дейін, ал, ұн жеткізуші «КАРАТ» ЖШС 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтерген. Наубайханалар бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасының өсуіне электр энергиясының, коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы себеп болғанын алға тартып отыр. Наубайханаларда жұмысшылардың жалақысы көтерілген. Қазіргі нан бағасы нарықтағы құнымен салыстырғанда 20-30 теңгеге төмен», -деп хабарлады аталған кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынған. Атырау облысының тұрақтандыру қорына 3,5 млрд теңге бөлінген.
Фото bizmedia.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через