Қазақстан астық экспортын ұлғайтып келеді.
Экспорттық тауар қатарында шикі астықпен қатар ұн да бар. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша былтырғы қыркүйектен биыл шілдеге дейін 13,5 млн тонна астық пен ұн шетелге жөнелтілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға көп. Ас атасының басы бөлігі Ауғанстанға барады. Ауған елі көрсетілген уақыт аралығында импорт көлемін 60 пайызға жуық ұлғайтып, 2 млн 200 мың тонна өнім сатып алды. Ал Өзбекстанға экспорт 37 пайызға өсіп, 5 млн 600 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ Қырғызстанға – 504 мың, Түрікменстанға 210 мың тонна өнім жөнелттік. Бұл елдерге де экспорт көлемі едәуір артты.
https://24.kz/kz/