Қарағандыда интернет-казинода 415 млн теңгедей қаржы айналымы болған

Қарағандыда интернет-казинода 415 млн теңгедей қаржы айналымы болған

фото: https://pixabay.com

23 дроп-шот арқылы қаржы айналымы жүргізілген. 

Қарағанды облысында "Vavada" интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған топтың әрекеті тоқтатылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізген тергеу барысында 23 дроп-шот арқылы 415 млн теңгеден астам қаржы айналымы болғаны анықталды.

Тергеу мәліметінше, схема ұйымдастырушылары 2026 жылғы қаңтарда интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару жөнінде келісімге келген. Топ мүшелерінің бірі жұмысты үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырып, операторларды іріктеген.

Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.

Екі күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, оның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите