Мобильді аударымдар лимиті өсуі мүмкін

Мобильді аударымдар лимиті өсуі мүмкін

фото: https://pixabay.com/

Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіндегі мобильді аударымдар бойынша бір транзакцияның лимиті 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде айтты.

Бұл өзгеріс 19 шілдеде іске қосылған банкаралық мобильді төлемдер жүйесі туралы болып отыр.

"Негізінен бұған QR арқылы төлеуден бөлек, телефон нөмірі арқылы аударымдар да кіреді. Жалпы, әр банктің өз тәуекел саясаты бар.

Менің білуімше, біз транзакция бойынша бұл деңгейді 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін арттырдық. Ол қазанның аяғында күшіне енеді деп ойлаймын", – деді Бинұр Жаленов.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бұл норма "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылғанын атап өтті.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите