Күзде кейбір ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін

Күзде кейбір ұшақтарда интернет пайда болуы мүмкін

фото: © Эрик Романенко/ ТАСС

Air Astana компаниясы қазан айында ұшақ борттарында интернетті іске қосуды жоспарлап отыр. 

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Дамир Сейсембеков Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты.

Дамир Сейсембековтің сөзінше, бүгінде Air Astana компаниясы ұшақтарда Wi-Fi желісін іске қосуды жоспарлап отыр.

"Біздің тараптан заңнамаға белгілі бір түзетулер енгізілді. Маусым айында Президенттің жарлығы шықты. Сәйкесінше қазіргі таңда интернетті іске қосуға ешқандай кедергі жоқ. Біз бұл мәселені "Эйр Астанамен" бірге пысықтап жатырмыз. Қазан айында интернет қосылған алғашқы борттар пайда болады деп күтіледі. Бұл жерде екі бағыт бар: Viasat және OneWeb компаниялары", – деді комитет төрағасы.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите