Жамбылдық TikTok стример психикалық орталыққа жатқызылды

Жамбылдық TikTok стример психикалық орталыққа жатқызылды

фото: https://pixabay.com/

Лайло Қасымова TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған

Жамбыл облысында балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған стример келіншекті психикалық орталықа жатқызуға шешім қабылданды.

Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған. Бұған дейін тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция оған бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ профилактикалық жұмыстарға қарамастан, әйел ол әрекеттерін жалғастыра берген. Кәмелетке толмаған балаларын да тікелей эфирде балағаттаған.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды", - дейді полицейлер.

Балалар әкесінің қарауында қалды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите