TikTok-та бейәдеп сөйлеген талдықорғандық әйел айыппұл арқалады

TikTok-та бейәдеп сөйлеген талдықорғандық әйел айыппұл арқалады

фото: https://pixabay.com/

Ол бұған дейін де дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған

Кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан азамат анықталды. Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны.

"Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған", - дейді полициядағылар.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите