Көк байрақты көкке көтерген Аянат

Көк байрақты көкке көтерген Аянат

фото: kaz.inform.kz

     Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтың мықтылары бас қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасының жас өкілі Жұмағали Аянат ел намысын абыроймен қорғады.

     77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аянат үш бірдей алтын медальға қол жеткізді. Ол жұлқа көтеруде де, серпе көтеруде де қарсыластарына дес бермей, қос сайыстың қорытындысында да биіктен көрінді.

     Жас спортшының бұл нәтижесі – табанды дайындық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Темірді бағындырумен бірге, өзіне деген сенімін де шыңдаған Аянат Азия чемпионатында Қазақстанның көк байрағын көкке көтерді.

     Жасөспірімдер арасындағы мұндай жарыстар – спорттағы болашақ чемпиондардың алғашқы үлкен белесі. Бүгінгі жеңіс ертеңгі биіктерге бастар жолдың берік баспалдағы болмақ.

     Ташкент төріндегі дүбірлі додада топ жарған Жұмағали Аянатқа алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Қазақ ауыр атлетикасының көкжиегін кеңейтетін осындай жас таланттардың жеңісті жолы жалғаса берсін!

     kaz.inform.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите