"Іле-Балқаш" қорығына Ресейден әкелінген жолбарыс жіберілді

"Іле-Балқаш" қорығына Ресейден әкелінген жолбарыс жіберілді

фото: https://pixabay.com/

Негізі Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы тарихи тұрғыдан жолбарыстың табиғи мекені болған

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі.

70 жыл жолбарыс болмаған

Жолбарыс 31 шілдеде жіберілді. Жыртқышты тарихи мекеніне қайтару жұмыстарының алдында Қазақстан мен Ресей және халықаралық серіктестер бірнеше жыл бойы бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізген.

"Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң, алғаш рет жолбарыс өзінің тарихи мекендеу ареалына қайта жіберілді. Алда жолбарыстарды тұрақты бақылау және орнықты популяция қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс күтіп тұр", - дейді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

10 жыл дайындық жүргізілген

Негізі Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы тарихи тұрғыдан жолбарыстың табиғи мекені болған. Бұл аумақта Орталық Азиядағы ең ірі жыртқыштардың бірі – Тұран жолбарысы мекендеген. Алайда ХХ ғасырдың ортасында тоғайлы ормандар қысқарып, жабайы тұяқты жануарлар саны азайып, браконьерліктің салдарынан жолбарыс Қазақстан аумағынан толықтай жойылды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите