Алматыда балалар спорт мектептерінде тегін жаттыға алады

Алматыда балалар спорт мектептерінде тегін жаттыға алады

фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты спорт мектептері балаларға спорттың түрлі бағыттары бойынша тегін жаттығып, тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен қабілетін дамытуға мүмкіндік ұсынады.

Спорт мектептерінде жеңіл және ауыр атлетика, бокс, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, каратэ, жүзу, гимнастика, велоспорт, есу, семсерлесу, шаңғы спорты, биатлон, хоккей, баскетбол, волейбол, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша дайындық жүргізіледі.

Баланы спорт мектебіне қалай жазуға болады?

1. Баланың жасы мен қызығушылығын ескере отырып, спорт түрін таңдаңыз.
2. Таңдалған спорт түрі бойынша жаттығу өткізетін спорт мектебін анықтаңыз.
3. Мектепке хабарласып, қабылдау талаптары мен іріктеу мерзімдерін нақтылаңыз.
4. Қажетті құжаттарды дайындап, тапсырыңыз.
5. Баламен бірге іріктеуге келіңіз.
6. Іріктеуден сәтті өткеннен кейін бала жаттығуға кірісе алады.

Қабылдау кезінде баланың жасы, жалпы дене дайындығы және таңдаған спорт түріне бейімділігі ескеріледі.

Қажетті құжаттар

* спортпен шұғылдануға рұқсат беретін медициналық анықтама;
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* баланың ЖСН-ы;
* ата-анасының бірінің жеке куәлігінің көшірмесі;
* 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет;
* медициналық құжаттар (063/у, 026/у нысандары);
* спорттық разряды немесе жетістіктері болған жағдайда, оларды растайтын құжаттардың көшірмесі.

Қабылдау жасы, іріктеу талаптары және қажетті құжаттар тізімі спорт түрі мен нақты мектепке байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан барлық ақпаратты таңдаған спорт мектебінен алдын ала нақтылап алған жөн.

https://almaty.tv/kz/

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите